АӘК енгізу ажырасуды көбейтті
29 Маусым 2020, 12:07 1455

АӘК енгізу ажырасуды көбейтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдында берген есептік кездесуінде елдегі ажырасу санының көбеюі проблема екенін айтты.

Мемлекет басшысы өз жолдауында басты басымдықтардың бірі отбасы мен балаларды қолдауды атап өтті. Өкінішке қарай, қазір қоғамның дамуымен қатар, отбасылық құндылық бағдарлары өзгеріп жатыр. Ажырасу санының артуы ел үшін проблема болып отыр. Егер 2017 жылы 55 мың неке бұзылса, 2019 жылы ол шамамен 60 мыңды құрап отыр, - деді ол. 
Министр АӘК енгізу осы мәселеге әсер еткенін атап өтті. 
Өйткені адамдар материалдық көмек алу үшін жаппай жалған ажырасуға барды. Қазіргі уақытта қоғамда болып жатқан кез келген өзгерістер отбасына теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан мемлекеттің маңызды әлеуметтік міндеттерінің бірі отбасын, ана мен баланы қорғау, - деді Аида Ғалымқызы.

Министр проблемалық мәселелер 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында көрсетілгенін айтты.

Осы жылы отбасы институтын, репродуктивті денсаулықты нығайтуға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған шараларды көздейтін осы тұжырымдаманың екінші кезеңін іске асыру басталды, - деді министр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...