Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 қазанда сағат 20:57 шамасында 102 нөміріне Степной 4 ықшам ауданында Land cruiser автокөлігінің жүргізушісі аулаға қойылған автокөліктерді соғып, өзі оқиға орынында ұйықтап қалған. Бұл туралы Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінде хабарлады.
Жедел басқару орталығының қызметкерлері оқиға орынына жақын маңдағы патрульдік полиция полкінің жасақтарын оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің жедел-тергеу тобын жіберді.
"Полиция қызметкерлері 49 жастағы Lexus 570 автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде үйдің ауласында тұрған 5 көлікті соққанын анықтады. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 25 жастағы ер адам мен 29 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды", - деді ведомствода.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Lexus 570 автокөлігін полиция қызметкерлері дабыл белгісін қоспай аңдыды деп тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Айта кету керек, тек демалыс күндері патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген 13 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.