Өскеменде бендиден ел чемпионаты өтеді

29 Қазан 2019, 15:32
2146
Бөлісу:
Өскеменде бендиден ел чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 қазанда Өскеменде бендиден 2004 жылғы жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты басталады. Бұл туралы бенди қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан бенди қауымдастығының аясында өтетін бұл жарысқа төрт команда қатыспақ. Дода қожайындарынан бөлек бас жүлдеге Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы және Алматы қаласының жас бендишілері таласпақ.

2 қарашаға дейін жалғасатын жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының бапкерлер алқасы 2020 жылдың 27-29 наурызында Ресейдің Архангельск қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына жаңа құрам жасақтамақ.

Өзгелердің жаңалығы