96 мың қызылордалық вакцина салдырды

9 Маусым 2021, 23:09
1896
Бөлісу:
96 мың қызылордалық вакцина салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СOVID-19-ға қарсы 96 мыңдай қызылордалық екпе салдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде өңірде «Спутник V», QazVac және Hayat-Vax вакцинасының 46 мың дозасы бар. Қосымша 39 мобильді топ құрылып, мекемелер мен ірі сауда орындарында вакцина қабылдауға мүмкіндік жасалған.

Күн сайын ерікті түрде екпе қабылдауға ниет білдіргендер қатары артып келеді, – дейді дәрігерлер. Мәселен қаланың батыс бөлігіне қызмет көрсететін емханада бұл бағыттағы жоспар 80%-ға орындалған.

Екінші вакцинацияны алуға келдім. Бірінші вакцинацияда менде ешқандай теріс әсері болған жоқ. Әркімнің өзінің жеке басының және бала-шағасының қауіпсіздігі үшін алып жатыр, – дейді қала тұрғыны Асылбай Шегебаев.

Ал дәрігерлер аймақта вакцинаның үш түрі де жеткілікті екендігін айтты.

Бұрын таңертең сағат 08:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істесек, қазір түнгі 12-ге дейін екпе қабылдауға болады. Бұл вакцина қабылдаушылар легінің көбейгеніне байланысты жасалған жағдай. Бізде үш түрлі вакцинаның жеткілікті көлемі бар. Індетке тосқауыл болудың басты жолы – вакциналау, – деді емхана бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Арғынбаева.

Өзгелердің жаңалығы