Қазақстанның соңғы жаңалықтары

90 минуттық келіссөз: Трамп пен Нетаньяху қайта кездесті

9 Шілде 2025, 08:10
666
Бөлісу:
 AP Photo / Alex Brandon
Фото: AP Photo / Alex Brandon

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху арасында өткен келіссөз 90 минутқа созылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Axios порталына сілтеме жасап.

Кездесу Газа секторында атысты тоқтату туралы 60 күндік бітім жөніндегі келіссөздерге байланысты оптимизмнің артуы аясында өтті. Келіссөздерге АҚШ вице-президенті Дж.Д. Вэнс те қатысқан.

Порталдың мәліметінше, келіссөздер барысында тараптар қайта орналастыру карталарын және Газаға гуманитарлық көмек жеткізу мәселелерін талқылаған. Нақты шешімдер қабылданған.

Бұған дейін, 6 шілдеде Дональд Трамп Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату келісімі жақын күндері жасалуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы