9 шілдеде Құрбан айт мейрамы басталады

1 Шілде 2022, 08:11
1195
Бөлісу:
9 шілдеде Құрбан айт мейрамы басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күллі мұсылман үшін ұлық саналатын Құрбан Айт мерекесі биыл 9 шілдеде басталады. Елдің Бас мүфтиі осыны мәлім етті.

Бұл күндері мұсылмандар Жаратушының разылығы үшін құрбан шалып, жоқ-жітікке, жағдайы жұтаң жандарға көмектеседі. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр яки түйе шалуға болады. Құранда ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылманға, оның ішінде жолаушы еместерге және негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болғандарға құрбан шалу уәжіп делінген.

Бас мүфти халықты пендешілікке салынбай, пайда табу мен алыпсатарлыққа бармай, мал бағасын қымбаттатпауға, халықтың жағдайын ескеруге шақырды. 

Өзгелердің жаңалығы