«Қазгидромет» РМК 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанда ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып, қатты жел және жауын-шашын күтіледі.
Қазақстан территориясы бойынша ауа райының синоптикалық ахуалы мен қауіпті құбылыстарының 9 сәуірге арналған болжамы:
Республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа райының сипаты күтіледі, еліміздің оңтүстік-батысында, шығысында, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады, оңтүстік-шығыс өңірдің таулы аудандарында кейде қатты жауын-шашын жауады. Еліміздің тек солтүстігі, солтүстік-батысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша қатты жел тұрады деп болжанады, еліміздің солтүстігінде, шығысында – тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды.
Алматы облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде, Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, түнде орталықта, күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжанады.
Түнде еліміздің солтүстігінде, Жетісу облысының таулы аудандарында сынап бағаны 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.