9 оқушы мектеп асханасынан кейін ауруханаға түскен

20 Қыркүйек 2022, 13:03
1174
Бөлісу:
9 оқушы мектеп асханасынан кейін ауруханаға түскен

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев айтты деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Осы оқу жылы басталысымен Павлодар облысының Шарбақты ауданының № 2 мектебінің 9 оқушысы мектеп асханасына барғаннан кейін ауруханаға түскен. Мектепте санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тексерісі және білім басқармасы қызметтік тексеруі жүріп жатыр, - деді ол. 

Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша аспазда жұмысқа рұқсаттың жоқтығы, тәуліктік сынамаларды сақтауға қойылатын талаптардың бұзылуы, бракераж комиссиясы және ведомствоаралық сараптама тобының тарапынан бақылаудың болмауы расталған.

Аппарат жиналысында Дулат Жекебаев Алматы қаласында 3 жаңа мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру процесін оңтайландыру бойынша пилоттық жоба іске қосылғанын да айтты.     

Мектептегі түскі ас, металды ланч бокс түрінде беріледі. Ақпарат мектеп сайттарында онлайн режимде трансляциялау үшін ақпараттық жүйеге түсетін болады. Жобаны іске асыруды аяқтау осы қазан айының аяғына дейін деп жоспарланып отыр, - деді ол.

Айта кетейік, спикер мәліметінше, 2022 жылы мектеп тамағына қоғамдық бақылау күшейтілді, Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, мониторинг комиссиялар қызметінің тәртібі әзірленді, оқыту семинарлары өткізілді. 

Өзгелердің жаңалығы