9 өңірде дауылды ескерту жарияланды

14 Қараша 2022, 22:19
1165
Бөлісу:
9 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 15-16 қараша аралығында таулы өңірлерде қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жамбыл облысының тау және тау етегіндегі аудандарда баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Орал қаласында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында көқтайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 25 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында 15 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, солтүстікте, таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарда 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 23-28 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Жел батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/c күтіледі.

Қызылорда қаласында жел батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жаяу  бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Өскемен қаласында 15 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с. 

Шымкент қаласында таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр басымырақ) күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қаласында батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының басым бөлігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, жол бойында қарлы қатқақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22, облыстың солтүтсік-шығысында кей уақытта 28 м/с.

Жезқазған қаласында кей уақытта көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с. 

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе қаласында солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15 м/с күтіледі. 

Өзгелердің жаңалығы