Синоптиктер еліміздің 9 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 9 тамызда кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Найзағай. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түнде Абай облысының батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Семей қаласында таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Ккүндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі.
Орал қаласында күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қаласында 9 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жезқазған қаласында күндіз найзағай күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды қаласында найзағай күтіледі.
Ақмола облысының шығыс жартысында күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Облыстың шығыс жартысында найзағай. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман. Күндіз облыстың шығыс жартысында бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.