9 наурызға арналған ауа райы болжамы

9 Наурыз 2020, 09:02
1260
Бөлісу:
9 наурызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан аймақтарында 2020 жылғы 9 наурызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжамын ұсынды.

Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстігі мен шығысында, фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерде жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді, оңтүстікте - шаңды дауыл, солтүстікте және шығыста - жаяу бұрқасын күтіледі, - делінген хабарламада.

Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с сақталады. 

Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз - көктайғақ, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с сақталады. 

Павлодар облысының кей жерінде күндіз жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с сақталады. 

Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді. 

Шығыс-Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Алматы облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. 

Жамбыл, Түркістан, Батыс-Қазақстан облыстарында кей жерде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақтобе, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы