9 маусымға арналған ауа райы болжамы

9 Маусым 2020, 08:23
1904
Бөлісу:
9 маусымға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін еліміздің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктер еліміздің оңтүстік-батысы мен солтүстік-батысы ғана жоғары қысымды алаңда болады, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп болжайды.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түркістан, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл тұрады.

Атырау облысында күндіз Солтүстікте 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.
Өзгелердің жаңалығы