9 мамырға қарсы Ұлытау облысында 500-ден астам тұрғынға бірреттік төлем беріледі

4 Мамыр 2024, 14:42
422
Бөлісу:
9 мамырға қарсы Ұлытау облысында 500-ден астам тұрғынға бірреттік төлем беріледі
Фото: BAQ.KZ - Архив

Биыл Ұлы Жеңіске – 79 жыл. Ұлытау облысында 514 тұрғыны 9 мамырға дейін бірреттік төлем алады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлытау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Өкінішке орай, Ұлытау облысында ҰОС ардагерлері қалмады. Дегенмен, төлемдер тағайындалған азаматтардың басқа да санаттары бар.

Атап айтар болсақ, 100 мың теңгеден 487 тыл еңбеккері (208 – Жезқазған қаласы, 175 – Сәтбаев қаласы, 38 – Жаңаарқа ауданы, 35 – Қаражал қаласы, 31 – Ұлытау ауданы) алады.

Сондай – ақ 100 мың теңгеден бұрынғы кәмелетке толмаған шағында тұтқынға түскен 3 азамат алады (2 – Жезқазған қаласы, 1-Сәтбаев қаласы).

ҰОС-да қаза тапқан жауынгерлердің 15 жесірі (9 – Жезқазған қаласы, 6 – Сәтбаев қаласы) 50 мың теңгеден алады.

ҰОС кезеңінде жарақат алу, контузия алу, мертігу немесе ауру салдарынан қайтыс болған мүгедек адамдардың 8 жұбайы (зайыбы) (6 – Жаңаарқа ауданы, 1 – Жезқазған қаласы, 1 – Қаражал қаласы) 50 мың теңгеден алады.

ҰОС ардагерлеріне теңестірілген жеңілдіктерге бір азамат (Қаражал қаласының тұрғыны) жатады – ол 50 мың теңге алады.

Осы мақсаттарға қалалық және аудандық бюджеттерден барлығы 50 млн 200 мың теңге бөлінді.

Өзгелердің жаңалығы