87 шетелдік СҚО-да уақытша тұруға рұқсат алды

16 Мамыр 2020, 12:48
1535
Бөлісу:
87 шетелдік СҚО-да уақытша тұруға рұқсат алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстанның 8 мыңға жуық тұрғыны карантиндік шаралардың салдарынан жеке басты куәландыратын құжаттарды дер кезінде ресімдей алмады, деп хабарлады Polisia.kz. 

Олардың 1700-ден астамы 16 жасқа толған облыс тұрғындары, яғни өздерінің алғашқы жеке куәліктерін алушылар. СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы атап өткендей, аталған азаматтарға әкімшілік шаралар қолданылмайды. 18 мамырдан бастап олар Халыққа қызмет көрсету орталығында құжаттарын ресімдей алады. 

Жарамдылық мерзімі төтенше жағдай кезінде өткен және ол тоқтатылған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде жеке басты куәландыратын құжаттар жарамды деп танылады. Мерзімі өткен құжаттарды 10 шілдеге дейін ауыстыру қажет, – деді СҚО ПД Көші-қон қызметінің басқармасының басшысы Талғат Әбілов. 

13 мамырда Көші-қон қызметі орталығы, сондай-ақ көші-қон қызметінің аумақтық бөліністері барлық санитарлық нормаларға сәйкес бұрынғы режимде жұмыс істей бастады. Сонымен бірге белгілі бір мемлекеттік қызметтерді әр түрлі уақытта алу кестесі жасалды. 

Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, шығу және қалпына келтіру мәселелері бойынша түске дейін, ал 14.30-дан кейін – тұрақты тұруға рұқсат алуға жүгінуге болады. Уақытша тұруға рұқсат пен еңбек патенті жұмыс күні ішінде ресімделеді. Мұндай кесте бір мезгілде келушілердің санын азайтуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Талғат Әбілов. 

ТЖ режимі кезеңінде белгіленген мерзімде елден кете алмаған шетелдіктерге қандай да бір шаралар қолданылмайды. СҚО-да осындай жағдайда карантин уақытында 1500-ге жуық шетелдік қалған. 

10 шілдеге дейінгі мерзімде қосымша құжаттарды ресімдемей-ақ ҚР тыс жерге шыға алады. Ал Қазақстанда қалуды жоспарлағандар өзінің құқықтық мәртебесін реттеуіне, оның ішінде ҚР-да уақытша тұруға арналған рұқсатты ресімдей алады. Еңбек иммигранттары біздің еліміздің шегінен тыс жерге шықпастан патент алу үшін жүгінуіне болады, – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасында. 

ТЖ режимі тоқтатылғаннан кейін алғашқы екі күнде СҚО көші-қон қызметіне 120 астам азамат жүгінген, оның ішінде 87 шетелдік уақытша тұруға арналған рұқсат ресімдеді.

Өзгелердің жаңалығы