8,5 млн теңге: Келін енесінің алтындарын ұрлап, ақшаны құмар ойынға тіккен

Түркістанда келін енесінің алтынын ұрлап, ломбардқа өткізген. Содан кейін түскен ақшаны түгелдей құмар ойындарға салған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 ПД баспасөз қызметі 29 Желтоқсан 2025 2025, 14:45
29 Желтоқсан 2025 2025, 14:45
4398
Фото: ПД баспасөз қызметі

Түркістанда келін енесінің алтынын ұрлап, ломбардқа өткізген. Содан кейін түскен ақшаны түгелдей құмар ойындарға салған, деп  хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркістанда бір үйде тұратын келіні енесінің 8,5 млн теңге көлеміндегі алтындарын ұрлап, ломбардқа өткізіп отырған. 

Алтындарды ұрлаған күдікті сол үйдің келіні екені анықталды. Келін мамыр айынан бері үйден алтын мен ақша ұрлап жүрген. Жалпы ұрланған мүліктің сомасы 8,5 млн теңге болған. Күдікті ұрлаған алтындарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны түгелдей құмар ойындарға салған, - деп хабарлайды Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі.

Наверх