"800 мың теңге". Әлназарова бренд киімдерді қаншаға алғанын айтты

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қымбат бренд киімдері туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Сенат баспасөз қызметі 29 Ақпан 2024 2024, 10:27
29 Ақпан 2024 2024, 10:27
2525
Фото: Сенат баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қымбат бренд киімдері туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол журналистердің осындай қымбат киіну үшін қанша жалақы алу керек деген сұрағына былай жауап берді.

Брендтердің жанкүйерімін деп айта алмаймын. Менің киім толған гардеробым жоқ. Фотодағы сөмке қарапайым қыздардың да қалтасы көтеретін сөмке, бағасы 250 мың теңге. Ал көйлекті өзімнің мерейтойыма еңбек демалысымда алған ақшаға сатып алдым. Құны есімде жоқ, 800-900 мың теңгенің арасында, – деп жауап берді министр.

Сондай-ақ ол жаңа қызметтегі жалақысының мөлшеріне де тоқталды.

Мен әлі жалақы алған жоқпын, бірақ көп болады деп ойламаймын, – деді ол.

Наверх