Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 шілдеде республиканың бірқатар өңірінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстік-батысында, солтүстікте, орталықта және шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстікте және батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі, күндіз шығыста бұршақ жаууы ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертен тұман түседі. Павлодар облысының кей жерінде жел қарқыны - 18 м/с.
Қызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл тұрады.
Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерінде жел екпіні - 15-20 м/с.
Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында күндіз аптап ыстық болады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.