8 наурызға орай әйелдерге 20 мың теңге берілетін болды

Абай облысында 19 575 көпбалалы ана бар. 8 наурызға орай оларға бір реттік төлем 5 АЕК (19 660 теңге) беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Арман Мухатов  - архив 6 Наурыз 2025 2025, 16:31
6 Наурыз 2025 2025, 16:31
6738
Фото: - архив

Абай облысында 19 575 көпбалалы ана бар. 8 наурызға орай оларға бір реттік төлем 5 АЕК (19 660 теңге) беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осылайша Абай облысындағы 20 мыңға жуық көпбалалы анаға мереке қарсаңында 20 мың теңгеге жуық қаржы берілмек.

Бірқатар өңірде зейнеткер әйелдерге, мүгедектігі бар әйелдерге және көпбалалы отбасыларға азық-түлік жиынтығы таратылады.

Жалпы биыл 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қазақстандық әйелдер қауымы бірреттік әлеуметтік төлем алады. Осыған орай BAQ.KZ тілшісі мерекелік ақшалай сыйлықты кім алатынына шолу жасаған еді.

Наверх