8 000 га жер мемлекетке қайтарылды

9 Шілде 2024, 15:10
424
Бөлісу:
8 000 га жер мемлекетке қайтарылды
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Алматы облысында 8 000 га заңсыз берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаментімен жүргізілген тексеріс нәтижесінде бұрыңғы мемлекеттік шенеуніктің үлестес тұлғаларына жалпы көлемі 8 000 га жайылым, оның ішінде Жамбыл ауданынан – 6000 га, Балқаш ауданынан – 2000 га жер учаскелерін заңсыз, яғни ҚР Жер кодексінің 43-1 бабын бұза отырып берілгендігі анықталды.

Нәтижесінде Департаменттің талап арызы негізінде Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану туралы үлгі шарттары жарамсыз деп танылып, аталған жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Өзгелердің жаңалығы