73 жастағы қария зілтемір көтеруден әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

4 Қараша 2021, 18:19
1668
Бөлісу:
73 жастағы қария зілтемір көтеруден әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылық ардагер спортшылар халықаралық біріншіліктерде алтын медальдар жеңіп алды. Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз мәслихатында жеңімпаздарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды aikyn.kz.

Атап айтсақ, Лиссабонда (Португалия) өткен дзюдодан әлем чемпионатында «Жас сұңқар» спорт мектебінің және облыстық кешенді мектептің жаттықтырушылары Нәсіпқұл Тыныбаев пен Дәурен Қожин «алтын» алды. Ал Вильнюсте (Литва) зілтемірді шалқалай жатып көтеруден әлем чемпионатының екі мәрте жеңімпазы 73 жастағы Дәрібай Оспанов атанды. 

Сондай-ақ осы жарыста бірінші орынды облыстық кешенді мектептің тәрбиеленушісі Антон Марченко иеленді. Жас балуанның тәлімгері Әбдулкәрім Қараман оны жақсы дайындап қана қоймай, өзі де сәтті өнер көрсетті – оның қоржынында екі күміс бар. Сонымен қатар Қарағанды облысының 4 спортшысы гір спортынан әлем чемпионатында жеңімпаз болып отыр. Олар – гір спортынан Қарағанды облысының аға жаттықтырушысы Александр Комаров, сондай-ақ Игорь Эрзямкин, Роман Герасименко және Юрий Брель. Айта кетейік, 73 жастағы Дәрібай Оспановты сыныптастары жеңісімен құттықтауға Шет ауданынан арнайы келген

Өзгелердің жаңалығы