71 млн доллар тұратын тарихи зәулім сарай Құлыбаевқа тиесілі - Deutsche Welle

Кеше, 06:10
596
Бөлісу:
71 млн доллар тұратын тарихи зәулім сарай Құлыбаевқа тиесілі - Deutsche Welle
Фото: Deutsche Welle

Германияның Баден-Баден қаласы маңындағы құны 71 млн доллар тұратын Schloss Seelach – Зеелах сарайы Тимур Құлыбаевқа тиесілі болып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Deutsche Welle мәлімдеді.

ICIJ және Paper Trail Media басылымдары жүргізген зерттеуге сәйкес, Тимур Құлыбаев – ХІХ ғасырда Николай және Александр ІІ патшалар жазда демалысын өткізген сарайдың қожайыны деп отыр. Ал талайға арман болған зәулім сарайды нағыз мультимиллионер, орыс елшісі, патша әулетіне жақын болған құпия кеңесші Михаил Хрептович салған. Сарайға Зеелах деген атау берілген. Ақсүйектер әулеті тұрғызған алып сарайды Құлыбаевтар 2014 жылы 19,3 млн долларға сатып алған. 

71 млн доллар тұратын тарихи зәулім сарай Құлыбаевқа тиесілі - Deutsche Welle
Deutsche Welle

Мұндай тұжырымды жасауға корпоративтік және жер құжаттарының жазбасы негіз болып отыр. Оның үстіне, ғимарат Құлыбаевтың ірі бизнестерінің бірі болып саналатын Kipros LLP қазақстандық компаниясы Verus Praedium International LLP-ға тиесілі немістің Schloss Seelach Invest GmbH арқылы сатылған.

Жаңа қожайындар тарихи вилланы қайта жаңартып, сарай аумағына субұрқақ бар саябақ салдырып, оның астына аумағы мың шаршы метр болатын салтанатты спа-аймақ жасатқан. 25 метрлік бассейннің үстіндегі шыны күмбез тіпті, ғарыштағы суреттен де көрінеді.

71 млн доллар тұратын тарихи зәулім сарай Құлыбаевқа тиесілі - Deutsche Welle
Deutsche Welle

Элиталық ғимараттың құрылысына қожайындардың қаражаттарын да аямағаны айтылды.

Олар ақшаларын аяған жоқ. Құрылысшылар жұмыстың әр сәтіне есеп беріп, фотосурет жіберіп отырды. Бір күні тапсырыс берушілерге фрескалар (ғимарат қабырғасындағы сурет – ред.) ұнамай қалып, суретшіге 150 мың еуро ақы төленіп қойған жұмысты қайта жасатуға тура келді, - деп жазды DW.

Неміс БАҚ-тары Зеелах сарайынан басқа, әулеттің иелігінде аталған өңірде бірнеше жылжымайтын мүліктің барын анықтаған. Оларға жалпы сомасы 100 млн еуродан астам қаражат салынғаны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы