700 астаналық студент «Менің бауырым» жобасы аясында білім алып жатыр

Елорданың 8 жоғары оқу орнында білім алып жатқан 700 ерікті «Менің бауырым» жобасы аясында арнайы оқудан өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Оқу-ағарту министрлігі 26 Қаңтар 2024 2024, 17:21
26 Қаңтар 2024 2024, 17:21
1324
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Елорданың 8 жоғары оқу орнында білім алып жатқан 700 ерікті «Менің бауырым» жобасы аясында арнайы оқудан өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы екіжақты келісімге өткен жылдың қараша айында қол қойылған болатын.

Мақсаты – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы орта қалыптастыру.

Семинар барысында жастар балалармен жұмыс істеу дағдыларын игеріп, әлеуметтік жобаларды іске асыруды, елордалық білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдарын қолдау мақсатында оқу-тәрбие үдерісіне қатысуды үйренеді.

Жобаға Астана қаласындағы 96 мектепті қатыстыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, жоба аясында еріктілер мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстарын ұйымдастырады.

Бұл мейірімділік пен ізгілік, адамдарға көмектесу, қоғамға қызмет ету қажеттілігі мен ниеті, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыс сияқты маңызды жеке қасиеттерді қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді.

Наверх