70-тен астам сотталғандар электрокардиограммалық тексерістен өтті

16 Наурыз 2022, 02:44
1351
Бөлісу:
70-тен  астам сотталғандар электрокардиограммалық тексерістен өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқан адамдардың денсаулығын сақтау маңызды мәселе.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің дәрігерлік денсаулық бекетінің атқарып жатқан істері аз емес. Мекеменің дәрігерлік денсаулық бекетінде 1 фельдшер, бір мейірбике жұмыс жасайды. 

Медицина қызметкерлері  бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 28 қазандағы № 745 бұйрығына сәйкес, сотталған азаматтарды жылына бір рет электрокардиограммадан тексеруден өткізеді. Бүгін осы мекемеге №3 қалалық емхананың аумақтық дәрігерлері келіп, 70-тен  астам сотталған азаматты электрокардиограммалық тексерістен өткізді.

Мекеменің фельдшері әділет лейтенанты Ж.Иманбектің айтуынша,  жүрек қан тамыр ауруларының алдын алу үшін 30 жастан асқан сотталғандарды жылына бір рет тексеруден өткізіледі екен.

Қазіргі таңда жүрек қан тамыр ауруларымен дәрігерлік бекетте 6 сотталған тіркелген. Бұл сотталғандар №3 қалалық емхананың маман дәрігерлері арқылы  тегін жүрек қан тамыр ауруларына байланысты дәрі-дәрмектерін алуда.  Бірінші кезекте сотталғандардың денсаулығын қадағалап, уақытылы медициналық көмек көрсетіп, аурудың алдын алу маңызды, – дейді мекеме фельдшері. 

Өзгелердің жаңалығы