Қазақстанның соңғы жаңалықтары

7 жыл бойы алимент төлемеген әке жауапқа тартылды

30 Мамыр 2025, 13:17
620
Бөлісу:
 жасанды интеллект
Фото: жасанды интеллект

Жамбыл облысында алимент төлемегені үшін борышкердің бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Балалардың құқықтарын қорғау прокуратураның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Мәселен, 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Байзақ ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды алимент төлеуден қасақана жалтарған «Н» азаматына қатысты ҚК-тің 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Жамбыл облысының прокуратурасы мәлім еткендей, алимент төлеуге мүмкіндігі бар ол 7 жыл бойы өз міндеттерін орындамай, әрекетсіздік танытқан.

2018 жылдан бері берешек сомасы 12,6 млн теңгені құрады.

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 25 сәуірдегі үкімімен борышкер ҚР ҚК-тің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура балалардың құқықтарын қорғау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда және барлық ата-аналарды өз міндеттерін есте сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы