7 жасар қазақстандық шахматтан Азия чемпионы атанды

28 Маусым 2019, 12:58
2040
Бөлісу:
7 жасар қазақстандық шахматтан Азия чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 19-29 маусым аралығында Ташкентте оқушылар арасында шахматтан 15-ші Азия чемпионаты өтті. Оған Азияның 7-17 жас аралығында 16 елінен 186 спортшы қатысты. 

7 жасқа дейінгі санат бойынша ел намысын Әлішер Абдсаттар қорғап, ол чемпионатта 2-орынға ие болды. Айта кетсек, бұл Әлішердің әлемдік біріншіліктердегі екінші жеңісі. Бірінші рет 2019 жылдың сәуір айында Түркияда өткен Әлем чемпионатында жетістікке жетті. Ал Әлішер шахматпен айналысқанына бір жыл да болмады. Жаттықтырушысы Дәурімбетов Азаматтың басшылығымен қажырлы еңбегінің арқасында осындай жеңіске жетіп отыр. Сонымен қатар, алтын медаль алған бала да отандасымыз сияқты (9-дан 7-і) ұпай жинады. Әлішердің рейтингі төмен болған соң оның жүлделі орнына әсер етті.

Осылайша, біздің дарынды қазақстандық спортшы шахмат бойынша Азияның вице-чемпионы атағына ие болып, екінші рет халықаралық спорт шеберіне үміткер атағына лайық деп танылды.
Өзгелердің жаңалығы