7-сынып оқушысы сабақ үстінде көз жұмды

26 Қараша 2021, 16:17
1373
Бөлісу:
7-сынып оқушысы сабақ үстінде көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте дене шынықтыру сабағында өзін жайсыз сезінген 7-сынып оқушысы көз жұмды.

Дәрігерлер оқушыға «Жіті өкпе-жүрек жетіспеушілігі, өкпенің ісінуі, мидың ісінуі және жүрек бұлшық етінің кеңеюі» диагнозын қойды.
Дене шынықтыру кезінде бала кенеттен ауырып, тұра алмай қалған. Содан кейін бала диванға жатқызылыпты. Мектеп дәрігері бірден мектеп директорына, баланың ата-анасына хабар берген. Жүргізілген жедел реанимациялық шараларға қарамастан, жеткіншек қайтыс болды, –  дейді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нахыпқызы.
Мамандар жасөспірімнің вакцина алмағанын айтты. Яғни ата-анасы вакцина салдыруға қарсы болып, бас тартқан.
Өзгелердің жаңалығы