Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батыс және шығысында жауын-шашын жауады. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі сақталады, батыста найзағай күтіледі.
Қызылорда облысында желдің түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерінде екпіні 23 м/с күшейюі күтіледі, кей жерлерінде шанды дауыл болады.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі, Маңғыстау облысында найзағай күтіледі.
Атырау, Шығыс Қазақстан, танертен және күндіз Жамбыл, Түркістан, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдін 15-20 м/с күшейюі, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.