7 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

7 Қаңтар 2020, 08:03
1637
Бөлісу:
7 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 7 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Қазақстан территориясында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Республиканың оңтүстігінде кей жерлерде жауын-шашын, солтүстігі мен солтүстік-батысыңда қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.

Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Манғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Өзгелердің жаңалығы