7 облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

14 Қаңтар 2024, 22:10
648
Бөлісу:
7 облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
Фото: Архив BAQ.KZ

7 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 25 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында – 14 учаске,

Жетісу облысында – 1 учаске,

Қарағанды облысында – 3 учаске,

Қостанай облысында – 3 учаске,

Павлодар облысында – 2 учаске,

Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске,

Ұлытау облысында – 1 учаске.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 522 бірлік техника және 823 жолшы жұмылдырылды.

Шектеу енгізілген учаскелер туралы ақпаратты келесі сілтеме арқылы біле аласыздар https://kz.qaj.kz/s/.

Өзгелердің жаңалығы