7 мың қорап пиротехника тәркіленді

Прокурорлар 7 мың қорап пиротехникалы бұйымдардың тәркіленуін қамтамасыз етті.

 pixabay.com 28 Сәуір 2025 2025, 21:29
28 Сәуір 2025 2025, 21:29
771
Фото: pixabay.com

2024 жылдың желтоқсан айында "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Алматы облысы, Қарасай ауданында орналасқан қоймалардың бірінен тиісті рұқсат құжаттарынсыз заңсыз сақталған 7 мың қорап пиротехникалық бұйымдарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, анықталған құқық бұзушылықтарға қарамастан, сот қойма иесіне қатысты әкімшілік істі заңсыз түрде тоқтатып, тәркіленген пиротехникалық өнімдерді қайтару туралы шешім қабылдаған.

Аталған сот шешімімен келіспеген Қарасай ауданының прокуратурасы апелляциялық тәртіппен шағым түсірді. Апелляциялық қарау нәтижесінде бірінші сатыдағы соттың қаулысы күшін жойып, құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада. 

Нәтижесінде жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын 7 мың қорап пиротехникалық бұйым мемлекет пайдасына тәркіленді.

Наверх