Үкімет отырысынан соң Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Риддердегі жылу электр орталығының қазіргі жайы туралы айтып берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Риддердегі жылу электр орталығында төтенше жағдай болып, өрт шықты. Жұмыс тәулік бойы жүріп жатыр, 180 метр көмір беру конвейері қайта қалпына келтіріледі. Ертең алғашқы желі жұмыс істей бастайды. Жылу стансасы көмірге арналған, тығырықтан шығу жолында мазутты отын ретінде беруге мәжбүр болдық. Қиындықтар туындады. Күн сайын 100-ден астам адам 240 тонна көмір жеткізді. Амал жоқтан қолмен тасуға тура келді, - деді Даниал Ахметов Үкімет кулуарында.
Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Риддердегі жалғыз қазақ мектебінің мәселесін қалай шешетінін айтқан болатын.