Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республиканың оңтүстігінде түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, екпінді жел, көктайғақ, шығыс пен орталықта жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, 15-25 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі.
Ақмола, Павлодар облыстарында желдің күші 15-23 м/с артады. Жамбыл, Ақтөбе, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерінде тұман болады.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде түнде 1-5 градус үсік күтіледі.
Сондай-ақ, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.