7 айдың ішінде 62 сот сарапшысы жұмыстан кеткен

13 Қыркүйек 2024, 14:14
334
Бөлісу:
7 айдың ішінде 62 сот сарапшысы жұмыстан кеткен

Нұрлан Бекназаров депутаттық сауалында сот сарапшылары тап болып жүрген проблемалар туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кадр тапшылығы - өткір мәселенің бірі. Ол 140 жұмыс орны бос екендігі және жыл сайын тағы ондаған сарапшылар жұмыстан шығарылады деген деректі келтірді. Себебі – жалақының төмендігі, жұмыс кестесінің шамадан тыс көптігі, әлеуметтік кепілдіктің болмауы және медициналық сарапшылар оқуының ұзақтығы.

Сарапшылардың жеткіліксіздігі жүктеменің 3-4 есеге артуына, сараптама жүргізу мерзімдерінің шамадан тыс созылуына әкеледі. Бұл процестік мерзімдердің сақталуына, азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының сот арқылы әділ, тиімді қорғалуына теріс әсерін тигізеді. 7 айында ғана 62 сот сарапшысы өз еркімен қызметтерінен босаған, - деді ол.

Орталық филиалдарын ғимараттармен және үй-жаймен жабдықтау ісі. Қызметкерлер бейімделген бөлмелерде жұмыс істеуі тиіс. Кәсіби деңгейін ұстап тұру үшін сот сарапшылары бес жылда бір рет біліктілігін арттыруы керек. Елде біліктілікті арттыру бойынша ғылыми-әдістемелік база жоқ. Ал сот сарапшыларын шетелде оқытуды көздейтін бюджеттік бағдарлама мүлде қаралмаған.

Сот сарапшыларының еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру арқылы олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру, аккредиттеудің халықаралық стандарттарын енгізудегі талаптарды ескере отырып, қолда бар ғылыми-техникалық жабдықты жаңғырту және сатып алуды қамтамасыз етуде жүйелі шаралар қабылдау қажет. Ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге қатысты заңға өзгерістер енгізу керек. Өңірлерде сот сараптамасы институттары үшін бірыңғай ғимараттар салуға қаражат бөлуді қарастыру керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы