Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
Биыл мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласындағы Полиция департаментінің жедел тергеу тобының қызметкерлері астаналық тұрғынның есепшотынан 137 млн теңге қаржы ұрлаған 7 адамнан тұратын қылмыстық топты әшкереледі. Тексеру барысында бұл топтың құрамында Қазақстан мен шетел азаматтарының бар екені анықталған, - деді Сүйінбай.
Ол атағандай, тінту кезінде олардан 8 миллионнан аса ақша, қалта телефондары, SIM карталар, 20-дан астам төлем картасы, сондай-ақ банк карталарының атаулары мен парольдерінің жазбалары табылды.
Қазіргі уақытта топ мүшелерінің алаяқтықтың екі эпизодына қатысты болуы мүмкін, олардың шығыны 170 миллион теңгеден асады.Қазір басты айыпталушыларға бұлтартпау шарасы қабылданып, өзге күдіктілермен сыбайластары мен басқа да жасалған қылмыстарын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деді ол.