Қазақстанның соңғы жаңалықтары

«7-20-25» бағдарламасы: Алаяқ Instagram арқылы 25 адамға «баспана әперемін» деп алдап соқты

Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Астанада ипотекалық делдал ретінде Instagram арқылы 25 адамды алдаған алаяқ сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Астанада 2021–2025 жылдар аралығында Instagram желісі арқылы өзін ипотекалық делдал ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіріп, олардың ақшаларын иемденген 30 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты. 

Ол «7-20-25» бағдарламасы арқылы баспана алып беруге көмектесемін және жиһаз жобасына тиімді инвестиция ұсыну сылтауымен азаматтарды алдап, ірі көлемде қаражат аудартқан. Алайда алған міндеттемелерін орындамай, ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Барлығы 25 адам оның қылмыстық әрекетінен зардап шегіп, келтірілген жалпы залал 95 миллион теңгеден асты, - деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Сот айыпталушының кінәсін мойындауын, кәмелетке толмаған баласының болуын, залалдың бір бөлігін өтегенін және жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Өзгелердің жаңалығы