Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "7-20-25" бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 13 984 өтінім мақұлданды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
"7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылы 26 желтоқсандағы жағдай бойынша қарыз алуға 268,6 млрд теңге сомасына 23 754 өтінім қабылданды. Оның ішінде 159,2 млрд теңге сомаға қарыз беруге 13 894 өтінім мақұлданды, 136,5 млрд теңге сомаға 11 903 қарыз берілді - делінген хабарламада.
Егер "7-20-25" бағдарламасы бойынша сұрақтар туындайтын болса, "Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ-на + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызға болады. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.