«7-20-25». 10 482 өтінім мақұлданды

13 Қыркүйек 2019, 09:57
1854
Бөлісу:
«7-20-25». 10 482 өтінім мақұлданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарызды беруге 10 482 өтінім мақұлданды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

"«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша 201,3 млрд теңге сомаға қарыз алуға 17 804 өтінім қабылданды. Оның ішінде 120,3 млрд теңге сомаға қарыз беруге 10 482 өтінім мақұлданды", - делінген хабарламада.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз туындаса, «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-қа +7 (727) 227-20-25 тәулік бойы жұмыс істейтін нөмір бойынша хабарласуға болады. Сонымен бірге сіздер ипотекалық ұйымның ресми интернетресурсында қосымша ақпаратпен http://www.baspana72025.kz/ сілтемесі бойынша таныса аласыздар.


Өзгелердің жаңалығы