64 инфекциялық ауруға мониторинг жүргізілуде

19 Маусым 2020, 10:04
1930
Бөлісу:
64 инфекциялық ауруға мониторинг жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Қазақстан Республикасы бойынша жалпы коронавирустық инфекцияны қоспағанда, басқа инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің мінетін атқарушы Ләззат Ақтаева айтты.

64 инфекциялық ауруға мониторинг жүргізілуде. Бес айдың қорытындысына сәйкес, 49 инфекция бойынша сырқаттанушылық төмендеген. Ағымдағы жылы оба, тырысқақ, іш сүзегі, құтыру, туляремия, дифтерия, сіреспе, қызылша және басқа да инфекциялық аурулармен сырқаттану тіркелмеген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, сальмонеллез, қызылша, іріңді менингит, серозды менингит, туберкулез індеттерімен сырқаттанудың төмендегені байқалады. А жіті вирусты гепатитімен, ботулизбен, скарлатинамен сырқаттану деңгейі 4,3 есе байқалды, - деді ол. 

Ләззат Ақтаеваны айтуынша, Қазақстан аумағында аса қауіпті инфекциялар: оба, тулеремия, геморрагиялық қызба, күйдіргі және басқа да зоонозды инфекциялардың белсенді табиғи ошақтары бар. 

Оба және басқа да табиғи ошақтық инфекциялардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Өткен бес айда обаға қарсы күрес ұйымдары зертханалық зерттеу жасай отырып, 223 мың шаршы шақырымды және 4 миллион эктопаразиттер мен кеміргіштер тексерілді. Обаның 14 қоздырғышы бөлінді. Бұл қоздырғыштың циркуляциясын көрсетеді. Обаға қарсы күрес станциялары 21 елді мекен айналасында қорғаныш аймағын құрды. Кенттік дератизация, кенттік дезинфекция жүргізілді. Обаға қарсы 50 мыңнан астам адам егілді. 2020 жылғы 12 маусымдғы жағдай бойынша, Конго-Қырым геморрагиялық қызба ауруының 3 жағдайы расталды. Екі жағдай Түркістан облысында, біреуі Жамбыл облысында тіркелді. Конго-Қырым геморрагиялық қызба ауруының алдын алу мақсатында сантариялық-эпидемиологиялық қызмет осы ауру бойынша қолайсыз 313 елді мекен айналасында санитариялық қорғаныш аймағын құрды, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы