63 жыл бұрын жоғалған әйел табылды

5 Мамыр 2025, 17:07
25250
Бөлісу:
63 жыл бұрын жоғалған әйел табылды
Фото: Артём Чурсинов - архив

АҚШ-тың Висконсин штатында 63 жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен әйел дін аман күйінде табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Одри Бэкеберг 1962 жылдың шілдесінде жоғалып кеткен еді: ол ақша табу үшін жұмысқа кетіп, қайтып оралмаған. Жоғалған кезде ол 20 жаста болған және Сок округіндегі Ридсбург қаласында тұрған. Оның екі баласы мен күйеуі болған. Небәрі 15 жасында тұрмысқа шыққан. Жоғалар алдында ол күйеуінің ұрып-соғатынын және қорқытатынын айтып жүрген.

63 жыл бұрын жоғалған әйел табылды
Фото: theguardian.com

Көп жылдар бойы тергеушілер оны табуға тырысқанымен, барлық күш-жігерге қарамастан іс тоқтап қалған.

2025 жылдың басында бұл іс қайта қаралып, Бэкебергті табудың сәті түсті. Белгілі болғандай, ол тірі, денсаулығы жақсы және штат аумағынан тыс жерде тұрып жатыр. Оның бұл шешімі – өз еркімен болған.

Іспен айналысқан детектив Айзек Хансонның айтуынша, оған генеалогиялық сайт көмектескен: ол сол жерден Бэкебергтің әпкесінің аккаунтын тауып, соның көмегімен із-түзсіз кеткен әйелдің жаңа мекенжайына қол жеткізген. Кейін жергілікті полициямен байланысып, сол мекенжайға баруды сұрайды. Бар-жоғы 45 минуттан соң ол Одри Бэкебергтің өзімен телефон арқылы сөйлескен. Хансон әйелдің бақытты көрінгенін және өз таңдауына өкінбейтінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы