62 жастағы әйел босанды

27 Желтоқсан 2019, 16:35
9248
Бөлісу:
62 жастағы әйел босанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай тұрғыны ұл босанды. Сәбидің дені сау. Бұл туралы AsiaOne жазады.

Қытайлық әйелдің бірнеше жыл бұрын бір ұлы қайтыс болған. Хунань провинциясының Сянтань қалалық округінде 62 жастағы әйел ұлды болды. 

Әйел 20 желтоқсанда босанған. Ұлдың салмағы 2,95 килограмм. Екеуінің де жағдайы жақсы.

Қытайлық әйел 6 жыл бұрын 31 жастағы ұлынан айрылып қалады. Содан кейін күйеуіне тағы бала тапқысы келетінін айтады. Ол қолдайды. Сөйтіп ЭКО арқылы жүкті болады.

Жүктілік өте ауыр өтеді. Себебі жүрегі ауыратын болған. Сондай-ақ, қант диабетіне шалдыққан екен.

Өзгелердің жаңалығы