Қазақстанның соңғы жаңалықтары

6,1: Жаңа Зеландия жағалауында жер сілкінді

Бүгiн, 19:53
103
Бөлісу:

Жаңа Зеландия жағалауында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Жаңа Зеландияның солтүстігіндегі Кермадек аралдары маңында орналасқан. Сілкініс 184,2 км тереңдікте тіркелген.

Алдын ала деректер бойынша, қаза тапқандар мен қирандылар жоқ. Цунами қаупі жарияланбады.

Тынық мұхитындағы "Отты сақинада" орналасқан Жаңа Зеландия мен Соломон аралдары литосфералық плиталардың (Аустралия және Тынық мұхиты плиталары) қозғалысына байланысты үнемі сейсмикалық және жанартаулық белсенділікке ұшырап отырады.

Бұл өңір – субдукция аймағы. Мұнда жыл сайын жүздеген жер сілкінісі ғана емес, жанартаулардың атқылауы да болып тұрады.

Өзгелердің жаңалығы