Қазақстанның соңғы жаңалықтары

60 жастағы әкім турникке тартылып, көпті таңғалдырды

Олжас АДАЙ
27 Маусым 2025, 17:32
1024
Бөлісу:
 Видеодан кадр
VIDEO
Фото: Видеодан кадр

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов турникке тартылып, спорттық бабын көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов салтанатты шара барысында өзінің физикалық дайындығын көрсетті. Ол Зеренде ауылында өткен жаңа спорт кешенінің ашылуында, костюм киіп, галстук таққанына қарамастан, турникке 8 рет тартылды.

Бұл сәтті Бас прокурор Берік Асылов, әкімнің орынбасарлары, мемлекеттік қызметкерлер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бақылап тұрды. Әкімнің жаттығу сәті бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желілерде кең таралды.

Пайдаланушылар әлеуметтік желіде жылы пікір қалдырып, Ахметжановтың спорттық бабына, кәсіби жұмысына жоғары баға берді. Кейбірі оның осы лауазымда ұзақ отырғанын қаласа, енді бірі басқа әкімдер мен депутаттарға үлгі болуын тілеген.

Өзгелердің жаңалығы