Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қоғамдық көліктер жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады.
Жексенбі күні, 6 желтоқсанда, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Дүйсенбі күні, 7 желтоқсаннан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды, - делінген хабарламада.Барлық өзгерістер туралы ресми парақшамыздан біле аласыз.
Сонымен қатар, CTS халықты санитарлық нормаларды сақтауға шақырып, автобустарға бетпердесіз кіруге болмайтынын хабарлады.
⠀
Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.