Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чили билігі 6 жастан асқан балаларды Sinovac вакцинасымен егуге рұқсат берді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Қолданыстағы деректер осы жас тобындағы адамдар үшін вакциналау тиімді қорғаныс қалыптасатындығына кепілдік береді, деп атап өтті елдің қоғамдық денсаулық сақтау институты. Сонымен бірге, сарапшылар 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды иммундау үшін препаратты мақұлдау үшін қосымша ақпарат алу керек деп санайды.
Балтық елдерінде COVID-инфекцияларының екі есе өсуі тіркелді. Өткен тәулікте тіркелген деректердің жалпы саны таяу күндегі 672 көрсеткішпен салыстырғанда 1407 жағдайға көбейді. Литвада өткен тәулікте коронавирусты жұқтырудың 705 жаңа жағдайы, Эстонияда – 391, Латвияда-311 жағдай анықталды.
Вьетнамдық адам коронавирус инфекциясын таратқаны үшін бес жылға сотталды. 28 жастағы Ле Ван Три биліктің басқа аймақтардан келгендер үшін белгілеген 21 күн оқшаулану тәртібіне мойынсұнбай, ереже бұзды. Нәтижесінде індетті сегіз адамға жұқтырды, олардың біреуі аурудың асқынуынан қайтыс болды.