6 университетті жабу мәселесі сотта қаралып жатыр

28 Шілде 2022, 11:12
1849
Бөлісу:
6 университетті жабу мәселесі сотта қаралып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің 6 жоғары оқу орнын жабу мәселесі сотта қаралып жатыр.

 Бұл жайында Білім және ғылым министрі кезіндегі қызметі туралы есеп берген Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

 Академиялық дербестікті кеңейтумен қатар, жауапкершілігі төмен университеттерді жауып, сапаны қамтамасыз ете алмайтын ЖОО-ларды қайта бейіндеу бойынша күрделі жұмыстар жүргіздік. Нәтижесінде 15 ЖОО жабылды. Бұдан бөлек, қосымша 6 оқу орнын жабуға қатысты шешімімізге шағым беріліп, ол сотта қаралып жатыр. Оның жалпы саны 21-ге жетіп отыр. Жабылған университеттердің 100 мыңнан астам студентін оқуын жалғастыру үшін басқа ЖОО-ларға ауыстырдық. 66 университеттің әлсіз білім беру бағдарламалары бойынша 505 лицензияны кері қайтарып алдық, - деп жазды министр Facebook парақшасында. 

 Сонымен қатар ол оқытудың әлсіз бағыттары бойынша лицензияны қайтарып алу үшін тағы 4 ЖОО-мен сот процесі жүріп жатқанын атап өтеді. 

Педагогикалық бағыттар бойынша жоғары оқу орындарының саны (85-тен 50-ге дейін) қысқарды. Енді оқытудың тиісті сапасын қамтамасыз ететіндер ғана болашақ мұғалімдерді дайындай алады. Заңгерлерді даярлайтын университеттердің саны 72-ден 61-ге дейін қысқарды, - деді Асхат Аймағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы