Синоптиктер 6 қаңтарда еліміздің өңірлерінде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Мамандардың болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, батыста, солтүстікте, орталықта бұрқасынмен қар жауады.
Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады.