6 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

19 Шілде 2022, 07:29
1332
Бөлісу:
6 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 шілде күні Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, сейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде атмосфералық ауа сапасы бірқалыпты болады.

Тек қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Петропавл, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Жезқазған қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы