6 облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

6 Сәуір 2024, 21:39
399
Бөлісу:
6 облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: baq.kz

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ елдегі 6 облыстағы жолдарды тасқын су басқанын және қандай жолдардың бөлігінде қозғалыс шектелгенін жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 6 сәуірдегі сағат 19:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4 111 метр болатын су тасқыны болды, - деп жазылған хабарламада.

6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 530 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Айта кетейік, қазіргі таңда республикалық жолдарда 399 бірлік техника мен 822 адам жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы