Қызылордалық кәсіпкерлерге 6,5 млрд теңгеге жуық жеңілдік берілген

9 Маусым 2020, 21:46
1464
Бөлісу:
Қызылордалық кәсіпкерлерге 6,5 млрд теңгеге жуық жеңілдік берілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай кезінде Қызылорда облысының бизнес-субъектілеріне салықтар мен төлемдер бойынша 6,5 млрд теңгеге жуық жеңілдік берілген. Аталған шара бизнеске қолдау көрсету мақсатында қабылданған Үкімет қаулыларын негізге ала отырып жасалды. 

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 20 наурыздан бастап 31 желтоқсанға дейін өңірде алаңы 2000 шаршы метрден кем болмайтын 29 ірі сауда орны, 3 ойын-сауық орталығы, 2 театр, 2 көрме залы мен 8 спорт нысанының иелері мүлік салығынан босатылған. Сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімін өндіруші 37 компания жер салығынан босатылды. Жеңілдіктер талабына сәйкес биыл 1 сәуір 1 қазан аралығында аймақтағы әуежай терминалы, жеке практикамен айналысатын 20 адам (адвокат, нотариус, жеке сот орындаушы, мүлік бағалаушы), қоғамдық тамақтандырумен айналысатын 201, қонақ үй қызметі саласындағы 43 кәсіпкер мүлік салығын төлемейді - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 8427 шағын және орта бизнес өкілі еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан әлеуметтік төлемдерге қатысты жеңілдіктер қолдану арқылы босатылған. Нәтижесінде жоғарыда аталған шағын және орта бизнес өкілдері еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан 1 млрд 79 млн теңге, әлеуметтік төлемдерден 1 млрд 853 млн теңге, 7 ірі кәсіпкерлік субъектісі еңбек ақыдан ұсталатын салықтан 8,1 млн, әлеуметтік төлемдерден 103,3 млн теңге қаржы үнемдеп отыр.

Өзгелердің жаңалығы