Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елімізде 5G желісі қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сөз басында министр 5G адам өміріне қауіп төндірмейтінін түсіндірді.
Біріншіден, 5G базалық станциясынан қорқудың керегі жоқ. Олар Қазақстанға келмес бұрын сертификациядан өтеді. Кейін біз станцияларды тағы тексереміз. Екіншіден, 5G радио желісінің аукционы жүргізіледі... Бүгінде заң өзгерістер енгізілді. Енді мен біреумен келісіп, радиожиілігін бере алмаймын. Ол үшін аукцион өтуі керек. Бұл – әлемдегі тәжірибе, - деді Бағдат Мусин.
Оның айтуынша, жаңа технологияны толық іске қосу үшін инвестиция керек. Ал аукцион қыркүйекте немесе қазанда өтеді.
Бүгінде тиісті құжаттарды дайындадық. Оны рәсімдеген соң радиожиілік аукционын жариялаймыз. Аукционда жеңімпаз атанған байланыс операторлары алдымен бізге қаражат төлейді. Кейін 5G базалық станциясын орнату жұмысын орнатуды бастайды. 2022 жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттегі бірнеше орында 5G желісін іске қосамыз. 2023 жылдан бастап 5G желісін толық іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Қазақстанның басқа өңірлерінде 5G радиожиілігінің аукционы келесі жылы өтеді. Кейін интернетті қосу мәселесін қарастырамыз. 5G-ді тарату үшін инвестиция керек. Сондықтан өңірлерлер бұл технологияны енгізу үшін ірі қалаларда экономикалық негізді табуымыз керек, - деді ведомства басшысы.